Кеше, 30 тамыз — Конституция күніне орай «Қопа» көлінің айдынында экскурсия өтті. Тұңғыш рет паромда өткен саяхат барысында Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейі мен Көкшетау қаласының тарихы музейінің экскурсоводтары сүйікті қаламыздың тарихы мен дамуы туралы баяндап берді.