Биыл қазақтың ұлы ақыны, қоғам қайраткері, қазақ педагогикасының негізін қалаушы Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толады. Мағжан Жұмабаев мәдениет пен білім беруді дамытуға қосқан үлесі, оның тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуындағы рөлі даусыз. 1920-1922 жылдары Мағжан Жұмабаевтың аштыққа ұшырағандарға көмек көрсету жөніндегі Ақмола төтенше комиссиясы төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Ол Петропавл және Көкшетау қалаларында аш балаларға арналған асханалар ұйымдастырған. Бұл – М. Жұмабаевтың өз халқының жанашыры болған ұлы тұлға екендігінің бір ғана көрінісі. Мағжан Жұмабаев ұлттық сананың қалыптасуына зор әсер еткен қазақ зиялараның тамаша плеядасына жатады. Көкшетауда облыстық әмбебап-ғылыми кітапхана, қала көшелерінің бірі алаш қозғалысының қайраткері, ақын, педагог Мағжан Жұмабаев есімімен аталады.