Т.Я.Бигелдиновке арналған ескерткіш-бюст 2000 жылдың 9 мамырында Даңқ аллеясында ашылды. Т.Я.Бигелдинов (1922-2014ж.ж.) екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған. Ақмола облысына қарасты Майбалық ауылының тумасы. Соғыс жылдарында ұшақпен 300-ден аса әскери ұшу жасап, жаудың 7 ұшағын, сондай-ақ, 10-нан аса танктер мен өзге де әскери техникаларды жоюға үлес қосқан майталман батыр. Талғат Бигелдинов Калининск, Воронеж, Степной т.б. 144 әскери авиациялық полк құрамында болса, ал Украина, Польша жерінің азаттық алуына ерен еңбегін тигізді, сонымен қатар Бренслау, Берлин қалаларын алуға да өз үлесін тигізді.
Мүсін қоладан жасалған. Бюст биіктігі 1,2 метр. Бюст архитекторы Ш.Е.Уәлиханов болса, мүсіншісі Т.Бинашев.
2000 жылдың 22 мамырында атағы аңызға айналған генерал-майор Т.Бегелдинов Көкшетау қаласына келіп, қонақ болды.2022 жылы елімізде Талғат Бигелдиновтің туғанына 100 жыл мерейтойы аталып өтіледі.