Бүгін біз қаламыздың сонау 1980 жылдардан бері қала көркіне сән берген қолдан жасалғанмен, табиғи қалыпта көрінген Мақтай тауы туралы ақпаратпен бөлісеміз. Мақтай тауы Мақтай Сағдиев Көкшетау обкомының бірінші хатшысы болып тұрғанында, сол кісінің тапсырмасымен салыныпты. Бұл тауға әдейі атау берілмеседе халық Мақтай тауы деп атап кеткен. Мақтай тауы Н.Назарбаев және Абылай хан даңғылының қиылысында орналасқан. Аталған екі көшенің қиылысын Қылшақты өзені тұйықтайды. Төбешік салуға арналған тастар Зерендіден әкелінді. Бұғы мүсіндерін Юрий Григорьевич Поповтың басшылығымен жергілікті сурешілер жасаған. 2010 жылы Мақтай тауының айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.Жаңа жолдар,әдемі орындықтар, стильді жарықтандыру, жарқын көгалдар және ыңғайлы тұрақ пайда болды. Бұл жер қала тұрғындарының сүйікті орынға айналды.