Н.Назарбаев даңғылы бойындағы Ауғанстан соғысында қаза болған жауынгерлерге арналған ескерткіш 2003 жылы бой көтерді. Ескерткіштің пішіні дөңгелек, биіктігі 5 метрден тұрады. Ескерткіш мәрмар тастан жасалған. Ескерткіштің орталық тұсында мәрмар бағандар жасалған. Оның ортасына оқ қалдығы орналастырылып, қайқы-қасіреттің символы ретінде қара қызғалдақ бейнеленген. Бағандар қоңыр мәрмардан құйылған, ал беткі жағы қара мәрмар тастан жасалған. Ескерткіш алаңында Мәңгілік алау мен бес жұлдыз бейнеленген. Жобаның авторы- Ауғанстан ардагерлері Кеңесінің мүшелері — суретшілер- Т.А.Нұрсейітов, Б.Б.Боқанов. Ал дизайнері — архитектор Б.М.Марамов. Мемориалдық тақтада мемлекеттік және орыс тілдерінде мынадай мәтін жазылған: «1979-1989 жылдары Ауғанстанда қаза болған жауынгерлерге. Войнам, погибшим в Афганистане в 1979-1989 г.г.», сондай-ақ, Ауғанстанда қаза болған 89 жауынгердің аты-жөні жазылған.