2012 жылдың шілде айында Бұқпа шоқысының беткейіне «Көкшетау»деген жазу орнатылды. Эскизді «Дизайн-сити» жарнама агенттігі әзірледі. Композицияның жалпы ұзындығы — 67 метр, әріптердің биіктігі — 10 метр, түсі — ақ. Түнде жазу бес түсті жарықпен жарқырайды және алыстан көрінеді.