55 ЖЫЛ БҰРЫН, РТС (Радиотелевизиялық станция) – Бұқпа шоқысындағы телемұнараның құрылысы аяқталды. Қопа көлі деңгейінен 100 метрдегі шоқыда орналасқан телемұнараның биіктігі шоқы деңгейінен 100 метр, салмағы — 67 тонна. Қараша айында Көкшетау телестудиясы алғаш рет эфирге шықты. Қала тұрғындары сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері облыстық телевизия бағдарламаларын көруге мүмкіндік алды.