Кенжебай Смағұл — 1943 жылы 3 наурызда Монғолия елінде Баян-өлгйй аймағында дүниеге келген. Баян-өлгийде кілем тоқу фабрикасында еңбек еткен. 1983 жылдан бастап Ресейдің Горный Алтай аймағында бес жылдық келісім шартпен жұмыс жасап, көптеген мақтау қағаздарымен, «Еңбек үздігі» медалімен, басқа да медальдарымен марапатталған, екі мәрте «Бесжылдык белсендісі» атағының иегері 1991 жылы Семей қаласындағы Абай Кұнанбаев музей-кешеніндегі киіз үйдı қалпына келтіру, жөндеу жұмыстарына арнайы шақырумен келiп қатысқан. 1992 жылы Монголиядан Қазақстанның Ақмола облысы Целиноград ауданына қоныс аударған. Сол жылдары мектепте еңбек пәнінен сабақ берiп, жас жеткіншектерге ұлттық қолөнердің қыр сырын үйреткен. 1998 жылы Көкшетау қаласына қоныс аударған.
Абылайханның, Абайдың, ҚР Тұнғыш Президенті Н.Назарбаевтың және т.б тұлғалардың бейнесiн кiлемге түсірген шебер. Облыстық қазақ мектеп-интернатында және т.б ұлттық қолөнерден сабақ берген. Осы күндерi еркін шығармашылықпен айналысуда.
Кенжебай Смағұл киіз басып, иірілген жіптен тұскиіз, сырмақ, шашақбау, басқұр, киіз үйдің басқа да әсем жабдықтарын жасайды, ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттык қолөнер ши тоқумен айналысады. Ұзына бойы әр түстi жүнмен немесе жібекпен оралған шым ши ертеде кереге сыртына тұтылып, киіз үйдің сәнді жиhаздарының бірі болып табылған.
Қолөнер шеберi түрлi iс-шараларға белсенді қатысып, жастарға өз өнерін насихаттап үйретумен және сонымен қатар қайырымдылықпен айналысуда. Ол Түркістанда өткен халықаралық қолөнершілер көрмесiне қатысып, III орынға ие болған. ҚР тәуелсiздiгiнiң 10 жылдық мерейтойына орай Алматы қаласында өткен iс-шарада II орынды жеңіп алған.
2017 ж. ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесiндегi Ақмола облысы мәдениеті күндерi аясында «Этноауыл» Ұлттық-мәдени кешенінде өткен сәндiк-қолданбалы өнер шеберлерiнiң көрмесiне қатысты.