20 қазан күні Көкшетау қаласының тарихы музейінде мемлекеттік мереке — Республика күніне арналған «Кербез Көкшем — шежірелі өлкем» атты көрменің ашылуы өтті. Өлкеміздің өткені, тыныс-тіршілігі жалпы еліміздің тарихи оқиғаларымен тығыз байланысты. Тарихи-танымдық көрменің ашылуына қатысқан Шағалалы Жоғарғы Агротехникалық колледж студенттеріне қаламыздың құрылуынан бастап, өркендеп даму тарихы, Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары қол жеткізген жетістіктері туралы баяндалды. Сонымен қатар бүгінгі студент — ертеңгі жас мамандар іс-шара барысында қаламыздағы өндірістік кәсіпорындар туралы мағлұмат алып, олардың шығаратын өнімдері үлгілерімен танысты.