2022 жылдың 12 қазан күні музей қызметкерлерімен Сандықтау ауданы Новоникольск ауылының орта мектебінде «Қасиет қонған құт мекен — сұлу Көкше» атты тарихи-этнографиялық көрме ұйымдастырылды. Көкшетау қаласының әр кезеңдердегі тарихын баяндайтын, өткен ғасырдағы қаланың өмірі мен мәдениетінен сыр шертетін этнографиялық көрме мектеп оқушылары мен ұстаздар ұжымының ерекше қызығушылығын тудырды.