Қазан айының бірінші күні Көкшетау қаласының тарихы музейінде «Цветаева алауы» атты іс-шара өтті.  Марина Цветаеваның 130-жылдығына арналған музыкалық іс-шараға көкшелік ақындар, әнсүйер қауым, дарынды студент жастар қатысты. Алауды жағу құқығы жергілікті ақын Виктор Осипов пен Біржан сал атындағы музыкалық колледж студенті, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты Назмин Сулейменовге берілді.

Ақын Рена Жұманованың жүргізуімен өткен поэзиялық кеште М.Цветаеваның өлеңдері мен әндерін Ш.Уәлиханов университетінің филология факультетінің студенттері,  Біржан сал атындағы музыка колледжінің және қаламыздың мектеп оқушылары орындады. Белгілі публицист, ұстаз Әлия Ахетова, Ш.Уәлиханов университетітің филология факультетінің ұстазы Ольга Тимофеева, ақын Виктор Осипов, ақын, сәндік-қолданбалы өнер шебері А. Байковскаяның өз туындыларын орындады.