Көкшетау қаласының тарихы музейімен «Туған жер — туған ел» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған «Туған қалам — қазынам» атты жоба өз жалғасын табуда. Музейлік жобаны жүзеге асыру аясында  облысымыздың ауылдық мектептерінде көшпелі көрме-дәрістер ұйымдастырылуда.

2022 жылдың 29 қыркүйегі күні музей қызметкерлерімен Бурабай ауданы Кенесары ауылының Қ.Сәтбаев атындағы орта мектебінде «Қасиет қонған құт мекен – сұлу Көкше» атты тарихи-этнографиялық көрме ұйымдастырылды. Көкшетау қаласының әр кезеңдердегі тарихын баяндайтын фотокөрме, өткен ғасырдағы қаланың өмірі мен мәдениетінен сыр шертетін этнографиялық көрме мектеп оқушылары мен ұстаздар ұжымының ерекше қызығушылығын тудырды.