1993 жылы 25 қараша күні Көкшетауда ақша айырбастау пункттері жұмыс істей бастады.
2012 жылдың қараша айының аяғында Бұқпа төбесіндегі «КӨКШЕТАУ» жазуы сыртқы түрін өзгертті: әріптердегі көк мата желден жыртыла бастағандықтан алынып тасталды. Әріптер ақ қардың фонында анық көріну үшін, олардың артына көк рейкалардан тұратын негізі орнатылды.
2021 жылы Көкшетауда көрнекті мемлекет және партия қайраткері Еркін Әуелбековке салтанатты түрде ескерткіш ашылды.