1985 жылы Көкшетау қаласында «Москвич» техникалық қызмет көрсету станциясының құрылысы аяқталды. Техникалық қызмет көрсету станциясы бір мезгілде қатарынан 30 автокөлікке қызмет көрсететін. 1986 жылы екінші станция ашылды. Ол жылына 3 мың автокөлікке қызмет көрсетуге арналған болатын. 1988 жылдың қаңтарында көліктерді диагностикалауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған 14 посты бар кең әрі жарық «Жигули» техникалық қызмет көрсету станциясы пайдалануға берілді.  Мұнда электроникадан бастап барлығы ең заманауи қондырғылар орнатылды. Шығынсыз салу жолымен тұрғызылған ғимаратқа шамамен 1 млн рубль жұмсалды.