2005 жыл –  21 наурызда 1963 жылы негізі қаланған бұрынғы «Дружба кинотеатрының қайтадан жаңғыртылуы нәтижесінде жаңа «Cinema-Alem» кинотеатры ашылды.

2005 жыл– мамырда жүк көліктері,тіркемелер мен автобустар шығару бойынша зауыт – «Камаз-Инжиниринг» ЖШС қазақстандық-ресейлік кәсіпорын өз қызметін бастады.

2005 жыл –  қазан айында Науан Хазірет  мешіт (қазіргі Жақия Қажы атында) пен «Хайрат» қайырымдылық қоры «Жайлау» шағын ауданында «Білім үйі» медресесін салтанатты түрде ашты.

2005 жыл – желтоқсанда Көкшетауда саят құру бойынша Қазақстан Республикасы тұңғыш ашық чемпионаты өткізілді. Оған республика облыстарынан 21 бүркітші қатысқан болатын.