• 1992 жыл-– табиғи ағаштан қазақтың ұлттық нақышындағы халық тұтынатын тауарлар шығаратын жеке кәсіпорын “Блэк” ЖШС құрылды (негізін қалаушы және директоры-Ю.Е. Никитенко).
  • 1992 жыл – осы жылдан бастап жыл сайын Көкшетау қаласында Славян жазуы мен мәдениеті күні қайта атап өтіле бастады.
  • 1992 жыл – Пролетарская (қазіргі Ақана-сері) көшесінде Облыстық тері-венерологиялық диспансер жаңа ғимарат алды.
  • 1993 жыл – тұңғыш мемлекеттік емес университетке (қазіргі “Көкше” академиясы, ректор Ж.Қасымов) студенттер қабылданып, қазақ лицейі және фольклорлық-этнографиялық театр-студиясымен біріге отыра эксперименталды оқу кешенін құрады.
  • 1993 жыл – 7 қазанда орыс тіліндегі атауларды транскрипциялау туралы ҚР Жоғарғы Кеңесі Президиумының қаулысы шықты: Кокчетав облысы –  Көкшетау облысы, Кокчетав  қаласы – Көкшетау қаласы.  
  • 1993 жыл – 25 қарашада Көкшетауда айырбастау пункттері жұмысын бастады.
  • 1993 жыл – автомеханикалық және механикалық техникум негізінде жаңа оқу орны – политехникалық колледж құрылды.
  • 1993 жыл – 26 қаңтарда “Риск-Бизнес”жарнамалық газетінің бірінші нөмірі жарыққа шықты.
  • 1993 жыл – “Болашақ” балаларды қайта оңалту орталығына  Горький көшесі бойында 100 орындық ғимарат бөлінді.