15 наурызда Красный Яр ауылындағы «Көкше» мәдениет үйі эксплуатацияға берілді. Ғимарат құрылысының құны 1,5 млн рубльды құрады.Ашылу салтанатында Қазақстанның ақындар мен жыраушылар Одағының тұңғыш Президенті Көкен Шәкеев қатысты.

Наурыз айында 1926 жылы тыйым салынған ҚазКСР Президенті Н. Назарбаевтың көктем мерекесі -” Наурыз мейрамы ” туралы Жарлығы шықты

№5 орта мектеп негізінде жалпы білім беретін мектеп-гимназия (қазіргі “Таңдау”көпсалалы гимназиясы) ашылды.

Синегорская гидрогеологиялық экспедициясы құрамында “Су ресурстары” кіші кәсіпорны тіркелді, кейіннен “Көкшетауминсулары” АҚ-на айналды (жетекшісі – А.К. Әлиев).

XIX ғасырдың белгілі ақындары Біржан сал мен Ақан сері ескерткіштері ашылды.

“Глобус” СҮ ғимаратында Ирина Паташкованың алғашқы жеке шаштаразы ашылды.

22 қазанда туындап келе жатқан нарықтық экономиканың жаңа құрылымы «Оқжетпес» – Көкшетау әмбебап тауар биржасы құрылды.

Көркем-өндірістік шеберханалар негізінде Көкшетау Суретшілер одағы құрылды.

Желтоқсанда «Көкшетаусельстрой №2» трестінің «Аққу» ведомствалық балабақшасы пайдалануға берілді.